2022 жылы 18 қарашада күннің бірінші жартысында құқық кафедрасының аға оқытушысы М.Т. Ғабдуалиев 6В04202-Құқықтану Білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында тәжірибеге бағыттанған сабақ өткізді. Тәжірибелік сабақты БҚИТУ ИГФ құқық кафедрасының эдвайзерлері А.Ж. Сәрсенова, Ж. К. Тулеуғалиева, Г. Б. Аралбеков ұйымдастырды.

Сабақта білім алушылар оқытушымен азаматтық іс жүргізуге қатысатын адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы, атап айтқанда іске қатысушылардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жасауға және көшірмелерін алуға құқығы бар екендігі туралы талқылады; қарсылық білдіру; дәлелдемелер ұсыну және оларды зерттеуге қатысу; іске қатысатын басқа адамдарға, куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға; талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде, дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау туралы, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы, татуластыру рәсімдерін қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; сотқа ауызша және жазбаша түсініктеме беру; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіру; іске қатысатын басқа адамдардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіру; сот жарыссөздеріне қатысу және т. б. мәселерді талқылады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz