2022 жылы 24 қарашада БҚО ПД Жедел басқару орталығында 6В04202-Құқықтану, 6В04203-Көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламаларының білім алушыларының сабағы өтті.

Сабақты БҚИТУ ИГФ құқық кафедрасының аға оқытушылары А.Ж. Сарсенова, Ж. К. Тулеуғалиева, Г.Б. Аралбеков ұйымдастырды.

Сабақ барысында білім алушылар полиция Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ЖБО қызметі туралы білді. Орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ЖБО туралы Ережені басшылыққа алады.  Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ПД жедел басқару орталығы тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Бүгінгі таңда «Кілем төсеу» аясында ЖБО-да 20 мыңнан астам бейнекамера, оның ішінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 9 мың камерасы шығарылды. Сонымен қатар, көппәтерлі үйлердің кіреберістерінде осы орталыққа біріктірілген 3500-ден астам «Бұлтты бейнебақылау» жүйесінің камералары орнатылған және жұмыс істейді. Бейнекамералардың көмегімен қылмыстар ашылады, әкімшілік құқық бұзушылықтар да анықталады. «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтайды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz