11 қараша 2022 ж. Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде «Мамандығым – болашағым» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Өткізілген шараға Мұнай-газ ісі кафедрасының қауымд. профессоры, т.ғ.к. Қ.А. Ихсанов және аға оқытушы Г.Е. Калешева қатысып, «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығының білім алушыларымен кездесті.
Кездесу мақсаты мұнай-газ саласына қатысты білім бағдарламасы бойынша бағыт-бағдар беру, таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты арттыру. Біліктілік алынғаннан кейінгі жұмысқа орналасу мәселелері мен оларды шешу жолдары. Кездесу кезінде оқытушылар, колледж түлектерімен еркін ой бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.