ЖОО түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысы қосымша кәсіптік білім беру курстарынан өтуді талап етеді. Аталмыш курстар жұмысшы мамандықтарын алуды айтарлықтай арттырады. Жұмыс берушілер жұмысшы мамандығы бар ветеринарлық бағыттағы білім беру бағдарламаларының түлектеріне қызығушылық танытады, себебі олар бірінші кезекте өзара байланысты құзыреттердің толық жиынтығын иеленген ветеринар мамандар болып табылады.
2022 жылдың 17 мен 21 қазан аралығында кәсіби серттификаттау аясында БҚИТУ ИГФ Ветеринария және биотехнология ғылыми орталығының базасында 5В120100, 6В09101, 7М09102 «Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары «Ірі қара малды техник-ұрықтандырушы» атты 36 сағат көлемінде курстан өтті. Курс тыңдаушылары оқуды аяқтағаннан кейін «Техник ұрықтандырушы» біліктілігін алды. Курсты «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздігі» кафедрасының жетекші профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізді. Атап айтқанда: ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Байтлесов Е.У., биология ғылымдарының докторы, профессор Қанатбаев С.Г., в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Днекешев А.К.
Оқу үдерісінің табысты болуының негізгі критерийі – түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі. Алған практикалық білімдері мен дағдыларының арқасында түлектеріміз құзыретті, еңбек нарығында сұранысқа маман болады деп сенеміз.





