Орал қаласының  жоғары оқу орындары мен колледждері арасында Халықаралық студенттер күніне орай өткізілген “STUD CUP-2022” футбол ойынына 17 команда қатысып, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрама командасы 1 орын алды. Сөйтіп, осы турнирдегі  былтырғы  “STUD CUP-2021” алған чемпиондық титулын қорғады. Мұндай жарыстар жастардың өзара достық қарым-қатынасын нығайтып, спортқа деген қызығушылығын арттырады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz