2022 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 15.00-де инженерлік-гуманитарлық факультетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» тақырыбында ғылыми студенттік конференция ұйымдастырып, өткізді.

Конференцияның мақсаты – халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы студенттердің тіл білуге ​​деген қызығушылығын ояту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Конференция модераторы кафедраның аға  оқытушысы Султангалиева А.А.

Конференция жұмысына «Сәулет», «Есептеу техникасы», «Экологиялық қауіпсіздік», «Құқықтану» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты.

Конференцияны жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қадырғалиев Н.М. құттықтау сөзімен ашты.

Ең әсерлі баяндамалармен ерекшеленгендер: Өтеген Д., ЮР-11 топ «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы» баяндамасымен; Лайкова А.,ЮР-11 топ «Ұлт ағартушысы Ахмет Байтұрсынов» баяндамасымен; Батырова А., ЮР-11 топ “А.Байтұрсынов. Өлең”., Мұхамбетова Ж., ЮР-11 топ “А.Байтұрсынов- Алаш қайреткері ретінде”.  

Конференция соңында филология ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ профессоры Шканова Б.А. сөз алып,   студенттердің тыңғылықты дайындалғанын, конференциядағы баяндамалардың мазмұнды болғанын атап өтіп, студенттерге оқуда сәттілік тіледі. Іс-шара  өзара достық атмосферада өтті. Конференция қорытындысы бойынша студенттер арнайы дипломдармен және  сертификаттармен марапатталды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz