2022 жылдың 22 қыркүйек күні Н.Назарбаев даңғылы 206/1 мекен-жайында орналасқан «Oral kormezaly» атты көрмезалын жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ж.Б. Курманованың ұйымдастыруымен «Сәулет» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері аралады. «Қала күні-2022» мерекесі аясында «Орал – сүйікті қалам» тақырыбымен жергілікті суретшілер, қылқалам шеберлері және фотографтардың сурет көрмесі өтті. Суретшілер Ахмет Ғиниятов пен Жеңісбек Өтешевтің ұлтжандылық рухта салынған «Оралдың ескі қаласы» картиналары ерекше қызығушылық тудырды.


