Жоғары білім беруді реформалау стратегиясы жоғары білім берудің мониторингі мен сапасын арттыру жүйесін құруды көздейді. Бұл отандық және халықаралық үздік тәжірибеге, Еуропалық жоғары білім беру аймағының ұсынымдары мен стандарттарына сәйкес келеді. Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейтудің маңызды тетіктерінің бірі сыртқы және ішкі мүдделі тараптардыңұсыныстары мен студенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби стандарттарға сәйкес құзыреттілік көзқарасқа негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жыл сайынғы жаңарту болып табылады.
29-30 наурызда БҚИТУ Педагогика факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Психология», «Педагогика және психология» бакалавриат, магистратурабілім беру бағдарламалары бойынша2022-2023 оқу жылына жаңарту мен толықтыруға арналған Академиялық комитеттің талқылау отырыстары болып өтті.

ББ талқылауға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, факультеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірге жұмыс берушілер, студенттер, магистранттар, түлектер, қоғамдық ұйымдардың, кәсіптік бірлестіктердің өкілдері қатысты: У.А.Сатыбалдина – Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі, Ж.Т. Хамидуллина -Облыстық нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты, Г.С.Нұрашева, Л.С.Есенова – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, М.О.Галеев – КММ No40 ЖОББМ, Г.Б.Г.Қайбалиева – №22«Колобок» бөбекжайы, А.С.Кенжегарина No10 «Балапан» бөбекжайы, А.С.Қайырғалиева No22 «Колобок» бөбекжайы (ББ МДОТ түлегі), С.Ж.Сарсенбаева«LоgоСА-Я» бала дамыту орталығы (ББПП түлегі).
Кездесулер барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларынәзірлеу және жаңарту бойынша кадрлармен қамту, білім беру бағдарламасын ақпараттық ресурстармен қамту, материалдық-техникалық қамту, практикалық базамен қамтуды ескере отырып өз ұсыныстарын айтты.