2022 жылдың 30 наурыз күні «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «JAS ОTAN» Жастар қанатының ұйымдастыруымен студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «TAZA SESSIYA» акциясын ұйымдастырды.

Акция мақсаты: еліміздегі жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, жастарды құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасымен бойынша тәрбиелеу.

Кездесу барысында «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Н. Жолдасқалиев жемқорлыққа қарсы «TAZA SESSIYA» акциясы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Сыбайлас жемқорлық – қоғам өмірінің бар саласына тамыр жайған індет. Көп болып қарсы тұрғанда ғана бұл бағыттағы жұмыс нәтижелі болмақ. Жемқорлықпен күрес ісіне, әсіресе, жастарды тартудың маңызы артып келеді.

Акция барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 300-ден аса білім алушылары шараға белсенді қатысып, сауалнама сұрақтарына жауап берді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz