Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіне енді. Осы жағдайларда университеттердің жұмыс берушілермен өзара іс-қимылының өзектілігі, сондай-ақ қоғам мен жеке тұлғаның мүдделеріне жауап беретін ынтымақтастықтың тиімді үлгісін таңдаудың өзектілігі артып келеді.

2022 жылдың 25 наурызында «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы 6В01702 «Шетелтілі: екішеттілі», 6В02301 «Аудармаісі», 7М01702 «Шетелтілі: екі шетелтілі» білім беру бағдарламаларын талқылау мақсатында жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды. Бұл бас қосуға кафедра оқытушылары, мектеп өкілдері қатысып, жоғары білікті мамандарды, сұранысқа ие болашақ ұстаздарды даярлау мәселелері талқыланып, университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту қарастырылды.

Сұрақтарды талқылауға Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің директоры Сағынғалиева Ш.О., №40 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Галиев М.О., Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Салаватова А.А.,№44 Қонаев атындағы мектеп гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Ешмұханова Н.Б.,«TORUS.KZ» ЖШС директоры Габдуллаев Д.Г. т.б қатысты.

Кафедра оқытушылары мен мектеп, ЖШС директорлары бұндай кездесулердің өзектілігі мен қажеттілігін, сондай-ақ дуальды оқытуды енгізуде студенттердің практикалық дайындық сапасын арттыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды атап өтті.

Дамушы қоғамға жауапты шешімдер қабылдай алатын, ықтимал салдарларды болжай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, бастамашыл және тәуелсіз, ұтқырлығымен ерекшеленетін білімді, іскер адамдар қажет.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz