2022 жылдың 31 наурызында экология және биотехнология кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің “Республикалық ветеринарлық зертхана” шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК БҚО филиалының азық – түлік қауіпсіздігі бөлімінің меңгерушісі Тілеуова Ләззат Жанайдарқызы шақырылып, 6В09103 – «Ветеринария», 6В09101 – «Ветеринарлық медицина» және 7М09101/7М09102 – «Ветеринарная медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға дәрісін оқыды.

Бұл кездесудің мақсаты-студенттерді тұрақты диагностикалық зерттеулер жүргізу және осылайша жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша елдің эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз ету арқылы халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған кәсіпорынның негізгі қызметімен таныстыру.

“Республикалық ветеринариялық зертхана” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысына сәйкес құрылды. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 “Ветеринария туралы” Заңының 11 бабына сәйкес, кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды жүзеге асыру болып табылады:

  • Уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы;
  • Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасы.

Сондай-ақ мемлекеттік монополия функциялары мен технологиялық байланысты кәсіпорын қызметіне мыналар жатады:

  • Зертханалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
  • Өлшеу құралдарын тексеру және сынау жабдықтарын аттестаттау;
  • Дезинфекцияның сапасын бактериологиялық зерттеу;
  • Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою.

Жоғарыда аталған функцияларды іске асыру мақсатында мемлекет ветеринариялық зертханалардың тармақталған желісін құрды.

Кәсіпорынның жалпы штат саны 3 000 бірлікті құрайды. Кәсіпорынның кадрлық құрамы жоғары білікті мамандар мен ұсынылған.

Барлық зертханалар диагностикалық зерттеулердің классикалық әдістерін жүргізу үшін заманауи жалпы зертханалар мен жабдықталған. Облыстық және өңірлік зертханалар иммуноферментті талдау, полимеразды тізбекті реакция (стандарты нұсқадағы және нақты уақыттағы ПТР), бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізу үшін қосымша қазіргі заманғы жабдықтар мен жарақталған.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz