2022 жылдың 25 наурызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарих», «Құқық қорғау қызметі», «Экономика және құқық негіздері» білім беру бағдарламаларын әзірлеу және 2022 жылға түлектер қабылдау жөнінде Академиялық комитеттің отырысы өтті. Отырысқа білім беру бағдарламаларының жобаларымен танысу үшін мүдделі тұлғалар (жұмыс берушілер, түлектер, қоғамдық ұйымдар мен кәсіптік бірлестіктердің өкілдері және т.б.) шақырылды.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша келесі тұлғалар өз ұсыныстарын білдірді: А.Ж. Утешкалиева – Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы, А.С. Насипкалиева – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, А.М. Малаев – БҚО ІІД жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисті, полиция подполковнигі, Г.Қ. Дүйсалиева – АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны, А.С. Жайланов – мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі, М.Мәметова, Г.Е. Рамазанова – Ақпараттық технологиялар колледжі директорының орынбасары, Б.И. Нагимова – БҚО мемлекеттік мұрағат оқу залының меңгерушісі, С.А. Машанова – БҚИТУ академиялық мәселелер бойынша бөлім басшысы. Ғылыми комитеттің отырысы нәтижелі өтті, білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша барлық ұсыныстар тыңдалып, кафедра оқытушыларымен талқыланып, назарға алынды.