Білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша халықаралық академиялық ұтқырлық
6В11301″Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру”,
6В07101 “Көлік, көлік техникасы және технологиялары”

Бүгінгі таңда оқу мен жұмыс офлайн және онлайн режимдер сияқты ерекшелікке ие болған кезде академиялық ұтқырлық ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Бұл, ең алдымен, БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің білім беру бағдарламаларын дамыту стратегиясын іске асырумен де байланысты.

Академиялық ұтқырлықтың білім алушы үшін де, бүкіл профессорлық-оқытушылық құрам үшін де белгілі бір артықшылықтары бар.

Ел ішінде де, шетелде де көптеген серіктес жоғары оқу орындарымен жасалған шарттар, жоғары оқу орындарының серіктестерінде оқуға, тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Инженерлік-гуманитарлық факультеттің білім беру бағдарламаларын дамытудың басымдылықтарының бірі – алыс және жақын шетелдердің университеттерімен және ғылыми орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ оқу процесіне әлемдік жоғары мектептің үздік жетістіктерін енгізу.

Осыған байланысты 28.11.2022-28.01.2023 Тамбов мемлекеттік техникалық университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университеті арасында білім алушылар мен оқытушылардың академиялық алмасу бағдарламасы шеңберінде аралас форматта оқыту өтіп, нәтижесінде техника ғылымдарының докторы, профессор Ведищев Сергей Михайлович ТТТ-42, ОП-42 студенттеріне “Көлік логистикасы” пәнінен сертификаттар табыстады.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz