2023 жылдың 27-ақпан 4-наурыз аралығында Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт шеңберінде Саратов қаласындағы ірі жоғары оқу орындарының бірі – Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетіне, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің делегациясы профессор, химия ғылымдарының докторы В.А. Бурахта және «Көлік және технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Л.А. Чурикова іс-сапарға барып келді.

Іс-сапар барысында Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінде Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын айқындау үшін басшылықпен кездесулер өтті. Келіссөздерге Е.С. Токареваның жетекшілігімен Ю.А. Гагарин атындағы СМТУ-нің халықаралық коммуникациялар басқармасының өкілдері, «Машина жасау, материалтану және көлік» институтының директоры А.А. Казинский, «Урбанистика, сәулет және құрылысы» институтының директоры А.В. Страхов, «Жылумен газбен жабдықтау және мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Осипова, «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс қауіпсіздігі және автомобильдерге қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі С.А. Гусев, «Сәулет және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі С.Ф. Дядченко сонымен қатар кафедраның оқытушылары қатысты.

Кездесулер барысында «Шақырылған профессор» бағдарламасы шеңберінде білім алушылар мен ПОҚ үшін академиялық ұтқырлықты іске асыру туралы, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру туралы, аспирантурада оқыту арқылы ғылыми кадрларды даярлау туралы, ғылымның басым бағыттары бойынша серіктес ЖОО-ның ғалымдарының бірлескен ғылыми жобаларды орындауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Университет кампусының қабырғасында жылы қабылдағаны үшін, қалыптасқан іскерлік және достық қарым-қатынастарды сақтағаны үшін Ю.А. Гагарин атындағы СМТУ-нің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамынның тұлғасындағы стратегиялық серіктестерімізге алғыс айтамыз.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz