Университеттердің халықаралық ынтымақтастығы аясында 16.11.2023 ж. БҚИТУ “Сәулет және құрылыс” кафедрасында “Білім және ғылым-қазіргі жағдайда табысты индустриялық – инновациялық дамудың кепілі” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияны БҚИТУ ректоры, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Т. Шакешев пен Тамбов мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д,  профессор М. Н.Краснянский, сонымен қатар И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, физика-матем.ғ.к., профессор М.К.Чыныбаев құттықтау сөздерімен ашты.

Конференцияның пленарлық отырысына ТМТУ жетекші оқытушылары, “Сәулет және қала құрылысы” кафедрасы меңгерушісі Т.Ф. Ельчищева; кафедра доценті А.А. Путинцева, сәулет кандидаты, доцент, И.Раззаков атындағы ҚМТУ сәулет және дизайн институтының директоры С.Т. Қожобаева, БҚИТУ “Сәулет және құрылыс” кафедрасы меңгерушісі, қауым. проф, т.ғ.к., К.А.Нариков, БҚИТУ-дың “Сәулет және құрылыс”, “Энергетика, автоматика және ЕТ”, “Көлік және технологиялар”, “Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік” кафедраларының оқытушылары қатысса, Тамбов мемлекеттік университеті, Қырғыз мемлекеттік университеті және Жәңгірхан атындағы БҚАТУ оқытушылары конференцияның секциялық отырысына ғылыми баяндамаларымен қатысты.

Конференция барысында ТМД кеңістігінде инженерлік кадрларды даярлаудағы техникалық университеттердің желілік ынтымақтастығы, сәулет бағыттары мамандарын табысты даярлау жолдары, электр энергетикасы, көлік және технология, ауыл шаруашылығы, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру мен өндірісті интеграциялау мәселелері талқыланды.

Конференция соңында қорытынды жасалып, кафедра меңгерушісі К.А. Нариков конференцияға қатысушыларға алғысын білдіріп, сертификаттар табыс етті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz