Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінің Педагогикалық факультетінде 5В010800-«Дене шынықтыру және спорт» және 5В011100-«Информатика» мамандығының 4 – курс студенттерімен «Жұмыс іздеу технологиясы» атты семинар -тренинг өткізілді. Осы семинарда БҚО жұмыспен қамту үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Бекетова Эльмираға студенттер сұрақ қойып, толықтай жауап алды.
Кездесу барысында
- дипломмен ауылға;
- БҚО бойынша кәсіпорындарда бар бос орындар;
- аймақтарда жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін атқарушы органдар;
- қосымша оқытылатын арнайы курстар және т.б мәліметтер туралы ақпараттар берілді.

