Республикалық бағдарламаға сәйкес көптілді білім беруді енгізу бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультеті,шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы ауылдық, аудандық орта білім беретін мектептердің мұғалімдерін ағылшын тілінде оқыту курсы өз мәресіне жетті.
Жалпы тыңдаушылар саны – 546 мұғалім, олардың ішінде Теректі, Сырым, Бөрлі, Бөкейорда, Ақжайық, Шыңғырлау, Жәнібек, Тасқала, Казталовка, Қаратөбе, Зеленов, Жаңақала аудандары бар.
Тәжірибе алмасу және сабақ өті процесін дамыту мақсатында биология,химия,физика және информатика пәндері бойынша, курс тыңдаушылары Назарбаев Зияткерлік Мектебі, Қазақ-Түрік Лицей сабақтарына қатыстырылды. Жоғарыда аталған пәндер бойынша ағылшын тілінде АҚШ, Ұлыбритания шетел мұғалімдерімен жүргізілді. Тыңдаушылардың пікірі бірауыздан қанағаттанарлықтай болды.
Сауалнама нәтижесі тыңдаушылардың курсты әрі қарай жалғастыруға ынталы екенін көрсетті.
Координатор ф.ғ.қ.,проф. Доукариева У.К.

