2017 жылдың 23 қарашасы күні Батыс Қазақстан иннгвациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультет филология кафедрасының ұйымдастыруымен орта мектептің бағдарламасында бұрын қолданыста болған және жаңғыртылған жаңа білім мазмұнына сәйкес өндіріске енгізіліп жатырған 5,6,7,8-кластардағы «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» мен 1-4-кластардағы «Қазақ тілі» оқулықтарының авторлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Білім академиясы орта білім департаментінің директоры Қайыржан Алдашұлы Рахымжанов, филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Гүлбану Сейілбекқызы Қосымова, Астана қаласы №137 орта жалпы білім беретін мектебінің жоғары санатты мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айпалы Қайырбекова, филология ғылымдарының кандидаты, Сүлеймен Демирел университетінің қауымдастырылған профессоры Баян Керімбековалармен кездесу оздырылды.

Кездесуде ғалымдар орта мектеп білім мазмұнындағы өзгерістер мен өздері жазған оқулықтарының өзіндік ерекшеліктерімен бөлісті. Кездесу соңында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, өз ойларын да ортаға салды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz