2018 жылы 1-2 наурыз аралығында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы Н.А.Некрасов атындағы орталық қалалық кітапханасында Девятые Большаковские чтения «Оренбурский край как историко-культурный феномен» тақырыбында халықаралық-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің  «Тарих және ӘГП» кафедрасының доценттері,  тарих ғылымдарының кандидаттары Б.С.Боранбаева және Р.Л.Абдрахманова ғылыми мақалаларын ұсынған болатын.

Сонымен қатар, конференцияға педагогика ғылымдарының магистрі, «Тарих және ӘГП» кафедрасының аға оқытушысы С.Е.Сидахметов қатысты. Пленарлық бөлімінде баяндамалардан кейін Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің  «Ресей тарихы» кафедрасының меңгерушісі С.В.Любачанковский Третьего международного конкурса молодых ученых России и Казахстана «Историко-культурныйнаследие Оренбурского края и Приуралья» халықаралық конференциясының жеңімпаздарын марапаттады.

1 дәрежелі дипломмен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих» мамандығының 1 курс магистранты Ж.Н.Тулегенов және ғылыми жетекшісі «Тарих және ӘГП» кафедрасының доценті, т.ғ.к., Р.Л. Абдрахманова марапатталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz