6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ҚРЗ Заңының (20.04.2023 жылғы өзгерістер мен толықтырулар) негізінде әзірленген.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды, сондай-ақ қолданыстағы ҚР-ның нормативтік құжаттарды қолданады.

 ББ әзірлеу кезінде «Атамекен» ҚР ҰКП-ның мынадай нормативтік-құқықтық құжаттары пайдаланылды:

Кәсіби стандарттар:

– Кәсіби стандарт: Геоақпараттық жүйелерді әзірлеу, 19.12.2019ж;

– Кәсіби стандарт: Тозған жерлерді мелиорациялау, №4 1012.2019ж;

– Кәсіби стандарт:  Агроорман мелиорациясы, №5 от 25 желтоқсан 2019 ж.

– Кәсіби стандарт: Құрылыс алаңындағы жер жұмыстары, №5 25 желтоқсан 2019 ж.

Білім беру бағдарламасы білім алушылардың келесі екі мамандану бойынша «Жерге орналастыру» және «Кадастр» өз дайындық бағытын таңдайды:

 БББ қайта қарау барысында оған мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілді:

– бірқатар пәндер алынып тасталды және келесі пәндермен жаңартылды: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,  Топография, Картография.

– жұмыс берушілердің сұранысы бойынша бірқатар жаңа пәндер енгізілді, мысалы Жерге орналастырудағы геоақпараттық технологиялар.

Білім беру бағдарламасын қалыптастыру, тұрақты мерзімдік қайта қарау және іске асыру кезінде жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жүйелі сипат алады. Оқу жоспарының мазмұнын аймақ жұмыс берушілерінің мамандарымен бірлесіп талқылау тәжірибесі қалыптасты,  оқытудың барлық кезеңдерінде (практиканы қоса алғанда) қызметкерлерді оқу процесіне тартылды, білім беру процесіне қатысушыларға сауалнама жүргізу арқылы оқытушылардың әдістемелік әзірлемелерін сын-пікір беру) жұмыс беруші ұйымдардың қызметкерлерін мамандық бойынша жұмысқа қосу, заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырды.

Жұмыс берушілер үшін кафедраның оқу аудиториялары бойынша экскурсиялар, кафедраның материалдық-техникалық базасымен танысу ұйымдастырылады. Бұл ұйымдардың басшылығы мүмкіндігінше зертханалық стендтер жасау кезінде көмек көрсетеді.

Жұмыс оқу бағдарламасы жыл сайын жасалынады және белгіленген тәртіппен білім беру бағдарламасына енгізілген өзгерістер ескеріледі. Жұмыс берушілер мен бакалаврлардың қажеттіліктерін күту және қанағаттандыру жоспарланған іс-шаралар жоспары негізінде жүйелі түрде жүргізіледі.

Білім беру бағдарламасы кәсіптік бағдарлау саласындағы оқу бағдарламаларын игерудің жоспарланған нәтижелері, студенттердің мүдделері мен мүмкіндіктерін еңбек нарығындағы сұраныспен байланыстыру жөніндегі міндеттерді қарастырылады. Ол үшін кафедра отырыстарында құзыреттерді игеру кезеңдерінің сәйкестігі, әсіресе практика нәтижелері, оқытудың жоспарланған нәтижелері және оларды бағалау критерийлері бойынша мәселелер қарастырылады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz