6В07302 – «Құрылыс» білім беру бағдарламасы университеттің миссиясына, белгіленген білім беру мақсаттарына сәйкес келеді және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ҚР Заңының негізінде әзірленген. 2023 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша өзгертілген және толықтырылған.
Кадрларды даярлау саласында 6В07302 – «Құрылыс» білім беру бағдарламасының мақсаты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіби стандарттарын енгізу, сондай-ақ қолданыстағы ҚР-ның нормативтік құжаттары және түлектердің таңдаған қызмет саласында табысты жұмыс істеуіне, олардың әлеуметтік ұтқырлығына, еңбек нарығындағы тұрақтылығына ықпал ететін, пәндік-мамандандырылған құзыреттерге ие болуына мүмкіндік беретін тереңдетілген кәсіптік білім беру бакалаврларын даярлайды.
Білім беру бағдарламасы білім алушылардың келесі екі маманданудың бірі бойынша өз дайындық бағытын таңдауын көздейді: «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» немесе «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру».
БББ қайта қарау барысында оған мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілді:
– бірқатар сәйкес емес негізгі пәндер Сұйықтық пен газ механикасы, Материалдар кедергісі, Машиналар мен механизмдер теориясы алынып тасталды да келесі Құрылыс жылу физикасы, Инженерлік механика, Құрылыс механикасы пәндер бойынша жаңартылды.
– жұмыс берушілердің сұранысы бойынша бірқатар жаңа пәндер Құрылыстағы АЖЖ, Құрылыс жұмыстарының инновациялық технологиялары, Жобалаудағы BIM технологиясының негіздері сияқты бірқатар жаңа пәндер енгізілді.
Оқыту нәтижелері біліктілік талаптарын, білім беру бағдарламасының білім беру мақсаттарын көрсетеді және сала өкілдерімен, жұмыс берушілермен түлектермен кездесулер ұйымдастыру арқылы басқа да мүдделі тұлғалармен бірлесіп әзірленеді.
6В07302 – «Құрылыс» білім беру бағдарламасының күтілетін нәтижелері оның мақсаттарына сәйкес әзірленді және пәндер бойынша оқыту нәтижелері, бакалаврларды даярлау жөніндегі тиісті оқу жоспары негізінде қол жеткізіледі.
Білім беру бағдарламасы кредиттік оқыту жүйесі шеңберінде іске асырылады, міндетті компонент пәндері бойынша білім беру бағдарламаларының тізбесі мен мазмұны жалпыға қолжетімді болып табылады, ал ЖОО компонентінің пәндері мен таңдау курстары бакалаврлар мен жұмыс берушілердің талаптарын көрсетеді.
Кесте 1 – ОП6В07302 – «Құрылыс» оқу жоспары пәндерінің «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіби стандарттарына сәйкестігі
|
№ |
Кәсіби стандарттардың атауы «Атамекен» ҚР ҰКП |
ББ оқу жоспары пәндерінің кәсіптік стандарттарға сәйкестігі |
|
1 |
Кәсіби стандарт: «Тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салу» |
«Ғимараттар мен имараттардың инженерлік жүйелері», «Ғимараттар мен имараттардың монолитті құрылымдарын салу» ББ пәндері сәйкес келеді |
|
2 |
Кәсіби стандарт: «Сәулет-қала құрылысы жұмыстары», Қосымша № 1 26.12.2019ж. №262 |
«Сәулет» «Қала құрылысы негіздері» ББ пәндері сәйкес келеді |
|
3
|
Кәсіби стандарт: «Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыстар салу» |
«Құрылыс жұмыстарының негіздері» «Құрылыс өндірісінің технологиясы» ББ пәндері сәйкес келеді |
|
4 |
Кәсіби стандарт: «Құрылыс жобаларын әзірлеу», 26.12.2019г. №262 |
«Құрылыстағы АЖЖ» «Жобалаудағы BIM технологиясының негіздері» ББ пәндері сәйкес келеді |