2017 жылдың 19 қазанында Қарағанды экономикалық университетінде экономикадан «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ХVІ Республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада ерекше шара ретінде өтіп, студенттердің, яғни ұлттық экономика мен әртүрлі қызметтерді басқару саласындағы болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды.
Осы жылы олимпиадаға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, «Нархоз Университеті» АҚ-ның, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қ.И.Сатпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының, М.Тынышпаев атындағы Қазақ транспорт және коммуникация академиясының, Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің және Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің студенттері қатысты.
Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің студенттері тағы да өте жоғары нәтижеге қол жеткізді. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Лидеры будущего» («Болашақ көшбасшылары») командасы бірінші орын алып экономикалық мамандықтар арасындағы республикалық олимпиаданың өтпелі кубогін иеленді.
Олимпиаданың бағалау жүйесі барынша объективті және әділетті болды; олимпиада қорытындысына өзге командалар тарапынан ешқандай арыз-шағымдар түспеді.
«Лидеры будущего» («Болашақ көшбасшылары») командасының барлық мүшелері мен ғылыми жетекшісі Тулегенова Айнагуль Утегеновнаны қажырлы еңбегімен келген, сөзсіз жеңісімен құттықтап, алғыс білдіреміз. Толағай табыстар тілейміз!









