2017 жылдың 4 қыркүйегі мен 2 қазан аралығында oqu-zaman.kz білім беру сайтының ұйымдастыруымен педагог оқытушылар мен студенттерге арналған экспресс-конкурс өтті. Байқауда «Секреты профессионализма» аталымы бойынша қатысқандар: э.ғ.к., доцент Г.К.Курманова, Қаржы кафедрасының аға оқытушысы С.А.Машанова, Ш.Д.Салимбаева. Оқытушылар «Методические разработки» номинациясы бойынша «Мемлекеттік бюджет» пәнінен оқу құралын дайындап 1 орынды иеленді.
Сондай-ақ, Қаржы кафедрасының аға оқытушысы Д.С.Тоғашева «Полет фантазий» байқауына «Портфолио студента» номинациясы бойынша студент дайындап, байқау жұмыстары oqu-zaman.kz білім беру сайтының сарапшылар кеңесінен өтіп, жоғары бағаланды.
Оқытушылар мен студенттерді байқауға белсене қатысқандары үшін және жүлделі орындарымен құттықтаймыз.


