2017 жылдың 2 қараша күні «Оқушылар» сарайында Орал қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Шабыт» шығармашылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру” атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласын жүзеге асырудағы жастардың белсенділігін арттыруға арналған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «ЭРУДИТ» интеллектуалды ойыны өткізілді. Осы сайысқа екі құрама командасымен қатысқан Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері жүлделі орындарға ие болды:

I – орын  БҚИТУ педагогика факультетінің «Улыбка» командасы;

II – орын  БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультетінің «Гипотенуза» командасы;

III – орын  М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Робот С» командасы.

Осы  сайыста жүлделі орынға ие болған келесі студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз:

Жастілек Надия – «Тарих» мамандығының 3 курс студенті, Жаманбаева Онайша – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті («Улыбка» командасы); Рахымғалиев Самат – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 2 курс студенті, Исаева Наргиза – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 1 курс студенті («Гипотенуза» командасы).

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университет әкімшілігі және тәрбие ісі жөніндегі бөлім.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz