2018 жылдың 11 қаңтар күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінде «Тарих және ӘГП» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылдың 10 қаңтарында жолданған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы негізінде ғылыми семинар отырысы өткізілді. Семинар барысында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы айтыла келіп, 10 қаңтардағы жолдауы жастар үшін, білім саласы үшін үлкен мүмкіндіктер жасалып жатырғандығы аталып өтілді. Семинарға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Семинарда «Батыс Қазақстан тарихы мен этнографиясы» шаруашылық келісімшарт тақырыбы бойынша т.ғ.к., БҚИТУ профессоры Құрманалин С.Б. есеп беріп, тақырып бойынша жасалған ағымдық жұмыстарға баяндама жасады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының зерттеу тақырыптары бойынша 2017 жылға қорытынды есептері тыңдалды. Қорытынды есептер бойынша мазмұнды презентациялар дайындалып, көрсетілді. Әр баяндамашыға ғылыми конференцияға қатысушылардан сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.