2020 жылдың 13 сәуірінен бастап 15 сәуірі аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде ғылымның дамуы мен әлемдік өркениетке баға жетпес үлес қосқан орта ғасыр кезеңінің көрнекті ойшылы әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ғылымның өркендеуі – инновациялық қоғам дамуының кепілі» атты XX халықаралық жас ғалымдар конференциясы өткізілді.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ректораты атынан ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша проректор, химия ғылымдары докторы, профессор Бурахта Вера Алексеевна конференцияны қатысушыларына ашып, ол қазіргі уақытта заманауи білімге ие, жаңашыл ойлауға қабілетті, сауатты шешім қабылдай алатын мамандар қажет болатындықтан, жастардың ғылыми форумдарға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Конференцияны бірге ұйымдастырушылар қатарынан алғы сөзбен Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті кафедра меңгерушісі, филология ғылымдары докторы, профессор Мушаев Владимир Нарановичсөз сөйледі. Ол Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіндеөткізіліп жатқан ғылыми шаралар деңгейін бағалап, ғылыми зерттеулер саласындағы біздің серіктес жоо арасындағы нәтижелі ынтымақтастықты атап өтті.
Серіктес жоо Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті атынан техника ғылымдары докторы, профессор Артюхов Иван Иванович сөз сөйлеп, білім алушыларды конференцияға қатысуымен құттықтады және ғылыми жетістіктер тіледі.
Халықаралық ғылыми конференцияның 12 секциясында 300 астам студент, магистрант, жас ғалым: әл-Фараби мұралары және түрік философиясы, тарихы, мәдениеті: өткені мен бүгіні; қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиет тарихы: заманауи бағыттары мен мәселелері; педагогика, психология және оқыту технологиясының өзекті мәселелері; болашақтың инновациялық экономикасын қалыптастыру;аймақтық экономика және кәсіпкерлік; көптілділік – қазіргі білім факторларының бірі ретінде; қазіргі кезеңдегі жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуы; АӨК және мұнай-газ саласындағы инновациялық даму; биотехнология мен экологияның даму болашағы; техникалық коммуникациядағы заманауи инновациялар; құқықтық ғылым және жалпы цифрландыру жағдайындағы заң білімі; қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі жаратылыстану ғылымдары мәселелері қарастырылатын маңызды бағыттар бойынша баяндамалар ұсынды.
Барлық секциялар жұмысы FreeConferenceCallплатформасын қолданумен on-line түрінде жүргізілді. Білім алушылар баяндамалары презентацияларымен сүйемелденді.
Конференцияға тек Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті және Қазақстанның өзге жоо білім алушылары ғана емес, сонымен қатар шетелдік серіктес жооБ.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті,Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, Орынбор мемлекеттік педагогикалық
университеті,Н.И. ВавиловСаратов мемлкеттік аграрлық университеті, Қазан Федералдық университеті, Белгород ұлттық зерттеу университеті, Удмурт мемлекеттік университеті, Ыссық-Көл мемлекеттік университетінің студенттері, магистранттары, аспиранттары қатысқандықтан, өзінің халықаралық мәртебесін растады.
Конференция соңында қортындылар жасалып, жүлделі орындар берілді. Конференция нәтижелері бойынша «БҚИТУ хабаршысы» ғылыми журналында материалдар жарияланатын болады.
Ғылыми бөлім
Жас ғалымдар кеңесі

