Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттері онлайн арқылы аталмыш оқу орнының филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Марат Әжіғалиевке тағылымдамадан қалай өткендіктері жөнінде баяндады.
Онлайын жиын барысында студенттер ғылыми, мәдениеттілік, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан және арнайы пәндер бойынша білімдерін жетілдіруді мақсат тұтып отырғандарын айтты. Сондай-ақ теориялық білім негізінде педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру керек екенін де жеткізді.


