2017 жылдың 10-11 сәуір күндері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінде Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Жастар – елдің рухани және зиятты әлеуеті: тарихи тәлім және даму келешегі» атты ХVII Халықаралық студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясының Тарих. Саясат. Филология. 6.1-секциясының отырысы өтті. Конференцияға студенттер, магистранттар және оқытушылар құрамы қатысты. Аталған секция отырысына С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінен, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік аймақтық университетінен, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен студенттер өз баяндамаларымен келіп қатысты. Оқылған баяндамалардың мазмұны деректік және ғылыми сипатын жағынан құнды мәліметтерге толы болды.

Секция отырысы барысында төменде көрсетілген студенттер үздік деп танылды.

І орын – Тарих мамандығының 3 курс студенті Бахитжанова Жанар. Ғылыми жетекшісі – Сүлейменова Д.Д. т.ғ.к., профессор

ІІ орын – Тарих мамандығының 4 курс студенті Кучинский Александар. Ғылыми жетекшісі – Абдрахманова Р.Л. т.ғ.к., доцент.

ІІІ орын – Құқық және экономика негіздері мамандығының 3 курс студенті Иманғалиев Мирас. Ғылыми жетекшісі – Дәуесова А.Ж. тарих магистры, аға оқытушы.

“Шешендік өнер” номинациясы бойынша – Тарих мамандығының 4 курс студенті Ғайнолла Арайлым. Ғылыми жетекшісі – Сүлейменова Д.Д. т.ғ.к., профессор.

“Үздік мультимедиялық презентациясы” номинациясы бойынша Тарих мамандығының 2 курс студенті Мұратова Айару. Ғылыми жетекшісі – Боранбаева Б.С. т.ғ.к., доцент.

“Үздік зерттеу баяндамасы үшін” номинациясы бойынша Тарих мамандығының 1 курс студенті Досанов Танат. Ғылыми жетекшісі – Сидахметов С.Е. тарих магистры, аға оқытушы.

Ғылыми апталығы аясында инновациялық конкурстар, дөңгелек үстелдер, интеллектуалды ойында, көрмелер ұйымдастырылды. 13 сәуір күні педагогикалық факультетте «Ұлтқа білім беру ісі мен мәдениетті дамытудағы Алаш қозғалысының рөлі»  атты “тарих”, “құқық және экономика негіздері” мамандықтарының 1-4 курс студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге ұсынылған тақырыптар: Қазақстан тәуелсіздігі – қазақ ұлтының ежелден бостандыққа деген асқақ рухының жеңісі, Алашорда ХХ ғасырдағы қазақтың алғашқы ұлттық мемлекеті, Жастарды қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу – Тәуелсіздіктің басты ұстанымы. Дөңгелек үстел барысында ұсынылған тақырыптар бойынша оқытушылары мен мамандықта білім алушы студенттер ойларын ортаға салды, пікірлерін ұсынды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz