2017 жылдың 21 сәуір  күні НАРХОЗ Университетінің «Экономика және менеджмент» мектебінің ұйымдастыруымен «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика» пәндері бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) Республикалық  пәндік олимпиада өткізілді.

Пәндік олимпиадаға Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен олимпиадаға «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Г.М. Айтмуканованың жетекшілігімен 5В050900 – «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Едигеева Жанар Сунгатовна қатысып келді. Ол «Экономикалық теория» пәні бойынша өз білімін сынады. Пәндік олимпиада 4 тур бойынша өткізілді: 1 тур – тестілеу түрінде; 2 және 3 турда – тапсырмалар, 4 тур  – есеп түрінде.

Студентіміз теориялық және практикалық тапсырмалар бойынша жақсы нәтиже көрсете алды.

Барлық турдың қорытындысы бойынша студент Едигеева Жанар жоғары балл жинап, жүлделі 3-ші орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz