Секция отырысы педагогикалық факультетте өтті. Секция жетекшісі – э.ғ.к., доцент  Ким А.А.  Секция хатшысы- аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі Салимбаева Ш.Д.

Секция жұмысының басында э.ғ.к., доцент  Ким А.А. конференция тематикасы мен осы секцияның өзектілігін атап өтті.

Секция отырысына 47 адам, 42 баяндама қатысты. Конференцияға Ақтөбе қаласындағы К.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінен 10 студент қатысты. Секция отырысы екі күн өткізілді. Бірінші күні 25 баяндама, екінші күні – 17 баяндама тыңдалды. Қазақ тілінде 21 баяндама, орыс тілінде 21 баяндама дайындалды.

Қатысқандар ішінде: 1курстан-4 студент, 2 курстан -19 студент; 3 курстан-18 студент; сырттай оқу формасынан -2 студент, 4 магиcтрант, сондай ақ «Туризм» мамандығынан -3 студент, «Кітапхана ісі» мамандығынан- 4 студент.

Оқылған баяндамалар ұсынылған тақырыптарға сәйкес келеді және қаржы мен банк жүйесі, салық және салық салу, кәсіпорын экономикасы және сала, есеп сұрақтары, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту жағдайларын қамтыған.

Қатысушылардың барлығына сұрақтар қойылды.

Секциядағы тыңдалған барлық баяндамалар қызықты және өзекті мәселелі болды. Талқылау қорытындысы бойынша секция қатысушылары жақсы баяндамаларды атап өтті: 1 орын «Туризм» мамандығының 3курс студенті Касимов Нуркен «Батыс Қазақстан облысындағы спорттық бағдарлаудың дамуы» (ғылыми жетекші э.ғ.к., доцент  Суханбердина Б.Б.), 2 орын «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Серикова Г. «Есеп беруші мемлекет-тұрақтылық пен экономикалық жетістіктер кепілі» (ғылыми жетекші  аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі  Нурманова А.К.), 3 орын «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті  Жумашев А.  «Государственный долг РК: причины  и последствия» (ғылыми жетекші э.ғ.к., доцент  Ким А.А.).

«Үздік зерттеу баяндама» номинациясының жеңімпаздары «Қаржы» мамандығының 3 курс студенттері Кангалиева А., Зайдулла Б.  «Әлеуметтік қамту мен қамсыздандыру ерекшеліктері», «Үздік мультимедиалық презентация» номинациясынның жеңімпазы «Қаржы» мамандығының 3курс студенті Сарин Е. «Кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау түрлері», «Ораторлық өнер» «Туризм» мамандығының 3курс студенті Коскалиева Р. «Развитие религиозного туризма в РК».

Секция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілгенің атап өтті. Өзара ойларымен бөлісіп, талдау негізінде келесі ұсыныстар берілді:

– ғылыми-зерттеу жұмысына 1 курс студенттерін кеңінен қатыстыру қажет;

– студенттердің ғылыми жұмысының зерттеу бағыттылығын күшейту қажет.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz