Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Т. Ерназаров 2022 жылы 24 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан және Ресейдің белгілі ғалымдарының қатысуымен «КӨНЕ КЕРУЕН ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЙЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбындағы далалық экспедиция мен семинар жұмысына қатысты.

Далалық семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалы-нысалы қаржыландыруы аясында «Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХҮ ғғ.)» жобасының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ұ.Т. Ахметова (Қазақстан, Атырау), тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қ. Мұқтар (Қазақстан, Сарайшық), археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Елеуов (Қазақстан, Алматы), нумизмат, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор П.Н. Петров (Ресей, Москва), археолог В.В. Плахов (Ресей, Астрахань), тарих ғылымдарының кандидаты М.С. Қасенов (Қазақстан, Атырау), этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Ерназаров (Қазақстан, Орал қ.), археолог А. Тұрарұлы қатысты.

Далалық семинар Сарайшық елді-мекенінен 20 шақырым жерде жаңадан табылған Қарағайлы мекенінде өтті. Басты мақсат ХІІІ-ХV ғасырлардағы Ұлы Жібек жолы бойында жаңадан анықталған алтынордалық мекендерге ғылыми зерттеулер жүргізу, керуен жолдар тармақтарын анықтау, оларды мемлекеттік қорғауға ұсыну.

Семинар барысында ғалымдар мекенге байланысты мазмұнды ойларымен бөлісті. Мысалы, археологтар М.Елеуов және В.Плахов бұл аймақта сауда жолы бойында үлкен мекен болғандығын айта келе, табылған ғимарат кесене деген пікір білдірді. Сонымен қатар, нумизмат П.Петровтың пікірінше, табылған тиындар Өзбек хан кезіне жатады. Археолог М.Қасенов “бұл аймақта Сарайшықтан басқа күйген кірпіштен жасалған осындай кешен алғаш кездескенін” айтты. Этнограф Ж.Т. Ерназаров Сарайшықтағы 2022 жылғы қазба жұмыстары барысында табылған материалдарды сараптауға археологиялық-этнографиялық әдістерді қолдану туралы баяндады. Жиын соңында ғалымдар анықталған мекенді зерттеу, сақтау және қайта қалпына келтіру туралы пікірлер айтты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz