2022 жылдың 12-16 қыркүйек аралығында Шыңғырлау ауданы өлкетану музейі ұйымдастыруымен, Ақшат ауылдық округына қарасты Ақбұлақ өзенінің аңғарында және оның айналасындағы құмды алқабында археологиялық барлау жұмысы жүргізілді. Жұмысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.Д.Қалменов басшылық етті. Сонымен қатар, жұмысқа «тарих» мамандығының ІІ курс студенттері Б.Мутиголлин мен Ж.Саясатов қатысты. Барлау жұмысы барысында «Еңбек» ауылы маңында 19 ғ. белгіленетін мекен орны анықталды. Мекен орнының орталық секторынан үлкен ғимараттың іргетасы табылды, жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл жерде мешіт болған. Сонымен қатар, құм алқабы мен мекен орнынның айналасындағы бейіттерден 18 ғ. аяғымен 19 ғ. белгіленетін құлыптастар анықталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.