2023 жылдың 29 қыркүйегінде «Атамекен» өнер орталығында Республика күні мерекесі мен БҚИТУ-дың 25 жылдығына арналған шаралар аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен зороастризм ілімінің 2600 жылдығына арналған «Заратуштра ілімі және Орталық Азия: рухани-мәдени және тарихи сабақтастық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өткізілді.
Конференцияның мақсаты – Зороастризм ілімінің Орталық Азия елдері руханиятындағы мұрасының теориялық, практикалық және әдіснамалық мәселелерін зерделеу.
Пленарлық отырыс Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетовтың құттықтау сөзімен ашылды. Одан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы ақпараттық орталығының басшысы ВЛАСТИМИЛ Самек өз құттықтауын жолдады.
Пленарлық отырыс барысында конференция қонақтары, ғалымдар Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Ассоциациясының Президенті, э.ғ.д., профессор Алшанов Рахман Алшанұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, ә.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Сейдуманов Серік Тұрарұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры, филос.ғ.д., профессор НҰРМҰРАТОВ Серік Есентайұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, филос.ғ.д., профессор Барлыбаева Гаухар Гинаядқызы өз баяндамаларын оқыды.
Пленарлық отырысқа онлайн форматта қосылған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, филос.ғ.к., доцент Қоянбаева Гүлнәр Ромсеитқызы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, филос.ғ.к., доцент ОМАРОВА Гүлнәр Сейіткәрімқызы баяндамаларымен бөлісті.
Конференция барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары, ф.ғ.д., профессор САБЫР Мұрат Бөкенбайұлы, РhD Калменов Мұрат Дабылұлы, т.ғ.к., доцент Ерназаров Жаскайрат Тілекқабылұлы баяндамаларын тыңдарман назарына ұсынды.
Конференция жұмысына тарихшы ғалымдар, қоғамдық даму, мәдениет және тілдерді дамыту, дін істері басқармаларының басшылары, архив және музей қызметкерлері, өлкетанушылар, университет ғалымдары мен білім алушылар, БАҚ өкілдері қатысты.




