2023 жылдың 29-қыркүйегінде «Атамекен» өнер орталығында Республика күні мерекесі мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 25 жылдығына арналған шаралар аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің  ұйымдастыруымен зороастризм ілімінің 2600 жылдығына арналған «Заратуштра ілімі және Орталық Азия: рухани-мәдени және тарихи сабақтастық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Пленарлық отырыс алдында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Ассоциациясының Президенті, экономика ғылымдарының докторы Алшанов Рахман Алшанұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің бір топ профессор-оқытушылар құрамын марапаттады. «Ахмет Байтұрсынов атындағы орденмен» ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Қ.Қ.Бозымов пен тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Г.Шинтимирова, «Ахмет Байтұрсынов атындағы алтын медальмен» ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Қ.Бозымова және тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Р.Л.Абдрахманова, «Ахмет Байтұрсынов атындағы күміс медальмен» тарих  ғылымдарының кандидаты, профессор Н.М.Кадыргалиев пен педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.Ж.Кусаинова, «Ахмет Байтұрсынов атындағы қола медальмен» филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Н.Бекмашева мен химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Л.И.Байтлесова марапатталды.

Марапат иелерін жетістіктерімен құттықтаймыз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz