2023 жылғы 28 қыркүйекте Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институты өкілдерінің Тәжік мемлекеттік коммерция университетінің өкілдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өтті. Кездесі ZOOM платформасында оздырылды.

Іс-шараның модераторы институт директоры А.С. Тасмағамбетов болды.

БҚИТУ ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры И. Н. Жұбантаев өзінің құттықтау сөзінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор С.А. Машанова серіктестерге таныстыру мақсатында университет туралы қысқаша ақпарат ұсынды.

Тәжік мемлекеттік коммерция университетінің өкілдері олар үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық үлкен мәртебе екенін атап өтті. Пікір алмасу барысында өзара тиімді ынтымақтастықтың ықтимал жолдары анықталды. Студенттер мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығы, “Шақырылған профессор” бағдарламасы, бірлескен халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, бірлескен білім беру бағдарламалары, кафедралардың әдістемелік семинарлары сияқты бағыттар екі тарап үшін де қызығушылық туғызып отырған бағыттар. Кездесу қорытындысы бойынша ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасалып, “Экономика”, “Есеп және аудит”, “Қаржы”, “Менеджмент” ББ бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

БҚИТУ Ректораты

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz