19 қазан 2016 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультетінде «Жоғары оқу орнында көптілділік білім беруді іске асыру: жағдайы, мәселелері, перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

01

Дөңгелек үстелдің модераторы БҚИТУ ректоры, э.ғ.д., профессор Р.С. Габдуалиева болды.

Шараны өткізуде төмендегідей мақсаттар алға қойылды:

– жоғары оқу орнының студенттерін көптілдікке даярлаудың қазіргі заманғы жағдайын талқылау;

– студенттер мен оқытушылық құрамның академиялық оралымдылығын кеңейтуге бағытталған алдағы халықаралық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылау.

Дөңгелек үстелдің жұмысына декандар, кафедра меңгерушілері, БҚИТУ оқытушылары, шағын бизнес орталығының директоры, SES бағдарламасының үйлестірушісі Ш.Д. Махмудова, сондай-ақ SES бағдарламасының аға сарапшылары  Бернхард Видманн және Ганс-Якоб Шмитц қатысты.

02

Қазіргі таңда көптілділік білім беру жоғары кәсіптік білім берудің маңызды құрамы болып табылады, себебі қазақстандық дипломдарды еуропалық кеңістікте  академиялық және кәсіптік мойындауды болжайтын Болон үрдісіне Қазақстан жоғарғы оқу орындарының кіруінде шетел тілі бойынша құзыреттіктің жоғары деңгейі кез келген бейіннің мамандарына қажет.

ҚР жоғары оқу орындарындағы көптілділік білім беруді іске асыру кезінде бірыңғай теориялық, әдіснамалық платформаның жоқтығынан, қойылған міндеттерді шешуге түрліше қараудан және жалпы жағдайды сан түрлі болжаудан көптілділік білім беруді енгізу жоспарлары шараларының алуан түрлілігі байқалып отыр.

БҚИТУ-дағы көптілділік білім беру жағдайын зерттеу және жасалған талдау тілдік емес пәндердің оқытушыларының жеткіліксіз тілдік дайындығын, кәсіптендіру пәндері бойынша ағылшын тілінде отандық оқулықтардың жоқтығын, шетел тілінде сабақ жүргізетін оқытушылардың шетелде біліктіліктерін арттырудың тұрақты жүйесінің жоқтығын көрсетеді.

Көптілді кадрларды даярлаудың тиімді жолдарын іздеу мақсатында төмендегідей мәселелерді шешу керек:

– қолданыстағы біліктілік талаптары мен сипаттамаларының көптілді маман талаптарына сәйкес келмеуі;

– көптілділік білім беруді нормативтік және бағдарламалық-әдістемелік қолдаудың жоқтығы;

– құзыреттілік тәсілдеме негізінде көптілді мамандарды даярлаудың бірыңғай копцепциясының жоқтығы;

– көптілділік білім беруді енгізу бойынша шетелдер тәжірибесін жеткіліксіз білу;

– көптілді маман еңбегінің нәтижелілігін бағалау механизимінің дайындалмағандығы.

Жоғары оқу орындарының ағылшын тілдерін меңгермеген оқытушылар құрамына тілдік білім беру мәселесі де ашық қалып отыр. Бұған қатысты біріншіден, тілді оқуға ынтаны арттыру және қалыптастыру, екіншіден, күтілетін нәтижеге жету мақсатында жоғары білікті мамандарды араластыра отырып, түрлі деңгейдегі бағдамалар спектрін кеңейту арқылы жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамын тілдік ұсынымдармен қамтамасыз ету қиындықтары бар.

Халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды тарту маңызды міндерттердің бірі болып табылады, себебі жаңа білім беру стандарттарына көшкен кезде, жоғары оқу орнының тілдік саясаты саласындағы халықаралық тәжірибесі ескеріледі. Егер мәселелені жаһандық көлемде қарастыратын болса, көптілділік қағидалары мен мәдени көп түрлілікті дамытуда әр түрлі елдердің мамандарының күштерін біріктіру керек. Сондықтан жоғары оқу орындарында көптілділік білім беруді дамыту жетістігінің ағыны мен дәрежесі білім беру саласындағы ынтымақтастықты, соның ішінде халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға байланысты болады.

03

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz