Бөкей Ордасы ауданының Хан Ордасы ауылында Бөкей Ордасының құрылғанына  215 жыл, Жәңгір мектебінің құрылғанына 175 жыл толуына арналған «Шежіре тұнған құт мекен» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазан, Астана қаласынан келген ғалымдармен бірге «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к., Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы қатысып, «Ғұмар Қараштың Бөкей Орда тарихындағы рөлі» атты тақырыпта баяндама жасады. Алғаш рет Ғ.Қараштың балалары мен немерелерінің суреттерін көрсетіп, олар туралы деректермен таныстырды. Мәскеу қаласында тұратын немересі Нәдия Қарашеваның сұхбаты жазылған бейнефильмді ұсынды.

Ғұмар Қараш – ақын, фольклортанушы, қоғам және дін қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі. Ол Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін әдебиетке арнаған, қазақ поэзиясын жинап, шығарумен айналысқан. «Қазақстан» газетінің пайда болуы оның есімімен байланысты, сонымен қатар ақын  «Фикер», «Қазақ», «Дұрыстық жолы» газеттері және «Шура» журналында пікірталас тудыратын мақалалардың авторы.

img-20161017-wa0026

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz