2021 жылдың 16 қараша күні Ұлттық валюта күніне орай «Есеп және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа буын банктері және сандық қаржылық технологиялар» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Отырысқа «БанкЦентрКредит» АҚ-ның Орал қаласы филалының өкілдері мен «Есеп және қаржы» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, сонымен қатар студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушыларына алғашқы болып «БанкЦентрКредит» АҚ-ның Орал қаласы филалының директоры Н.В. Михайлова сөз алды.
«БанкЦентрКредит» АҚ-ның маманы Э.К. Бабенова «БанкЦентрКредит» АҚ-ғы ипотекалық несиені рәсімдеу» , Тұрғындарға қызмет көрсету менеджері Е.А. Невзорова «Банк өнімдері: зейнетақы картасы» тақырыбында, э.ғ.к. қауымдастырылған профессор Б.Б. Суханбердина «Банк бизнесін цифрлық трансформациялау» тақырыбында баяндама жасады.
Отырыс барысында қатысушылар енгізіліп жатқан банктік цифрлық технологияларды, Қазақстанда және әлемде банк ісін дамыту перспективаларын талқылады.
Жасалған баяндамалар бойынша «Есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары э.ғ.м. Ш.Д. Салимбаева отырысты қорытындылады.
БҚИТУ Жас ғалымдар кеңесі

