2021 жылдың 17 қарашасында университет конференц залында “Тарих және құқық” кафедрасының биылғы археологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысына арналған оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарға кафедра оқытушылары, “Тарих” мамандығының студенттері мен қонақтар қатысты. Шараны кафедра доценті, т.ғ.к. М.Қалменов жүргізіп отырды. Семинарда “Тарих” мамандығы студенттері қатысқан Ақмешіт кешенінде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы айтылды. Сонымен бірге, “Тарих” мамандығының 4 курс студенттері М.Исаев пен Қ.Уахитов ескерткіш туралы баяндама жасады. Семинар барысында қатысушалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ой-пікірлер айтылды.

 Оқу-әдістемелік семинар соңында қатысушылар факультетте ұйымдастырылған «Археология» музейіндегі көрмені тамашалады.

          

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz