«Жас турист» студенттік ғылыми үйірмесінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 12 қарашасында студенттерді туристік-өлкетану, экологиялық қызметтермен таныстыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына оқу-танымдылық экскурсия өтті. Экскурсияға «Туризм» білім беру бағдарламасының I-III курс студенттері қатысты.
Оқу-танымдылық семинар барысында туризм орталығының қызметкерлері студенттерге туристік-өлкетану, мұражай ісі, экология жұмысы, спорттық бағдарлау үйірмелерінің ерекшеліктерін түсіндірді.
БҚИТУ Жас ғалымдар кеңесі

