2023 жылдың 6-қыркүйегінде Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қала тарихы: Жайықтан Оралға дейін» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды. Аталмыш жиында Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов бұл шараның маңыздылығын атап өтті.
Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндамашылар өлке тарихына байланысты құнды тарихи мәліметтер, тағылымды баяндамалар оқыды.
Осы шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Абдрахманова Райса Лесовна «СИСТЕМА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И КУЛЬТУРА ГОРОДА УРАЛЬСК» атты баяндама жасап, қаланың мәдени тарихына тоқталды.
Жоғары оқу орны оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, білім алушылар, БҚО тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері, ЖОББМ тарихшы мұғалімдері, БАҚ өкілдері Орал қаласының ежелден бүгінге дейінгі тарихынан мол ақпараттар алды.