10.04.2019ж.Қазақстанда жастар жылы шеңберінде Батыс Қазақстан инновациялық‑технологиялық  университетінде «Жас зерттеушілер – гүлденуші Қазақстанның болашағы» тақырыбындағы халықаралық фестиваль аясында «Педагогика және психология» кафедрасында «Педагогикалық дебют ‑ 2019» атты студенттер арасындағы байқау өтті.  Ұйымдастырушылар БҚИТУ,  «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары  Қадыржанова Ж.Е., Баймуханова Б.Қ.

Байқау барысында БҚИТУ, «Педагогика және психология» мамандығының студенттерінен құрылған «Харизма» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының студенттерінен құрылған «Жалын» командалары, Орал гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының студенттерінен құрылған «Шамшырақ», Ж.Досмұхамедов ат.жоғары педагогикалық колледжі студенттерінен құрылған «Kindergarten» командалары байқауға қатысып, кәсіби және шығармашылық қабілеттерін шыңдады.

Қатысушы командалардың байқауда көрсеткен білімі, білігі, шығармашылық шеберліктерін, шешендік қабілеттерін бағаланып, «Мәдениет және эрудиция», «Педагогикалық инсайт», «Шығармашылық  және шабыт», «Әлеуметтік маңызды инновация» атты топтық номинациялар берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz