Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киімдер күні ретінде аталып өтті. Бұл күн – халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық болмысын және дәстүрлі құндылықтарын дәріптеуге арналған ерекше мереке.
Аталған күнге орай БҚИТУ ұжымы ұлттық киімдерді насихаттап, қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрметін көрсетті. Оқытушылар мен қызметкерлер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, төл мәдениетіміздің әсемдігін айшықтады.
Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, ол – ұлттың тарихы мен рухани дүниесінің көрінісі. Осындай тағылымды шаралар жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, ата-баба мұрасына деген құрметін арттыра түседі.
Көлік және технологиялар кафедрасының ұжымы баршаңызды Ұлттық киімдер күнімен құттықтай отырып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға шақырады