2026 жылғы 26 ақпанда Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Үздік оқытушы» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың қазылар алқасы құрамына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Доукариева Ұлдай Қабаханқызы енді. Қазылар алқасының мүшесі ретінде ол қатысушылардың кәсіби шеберлігін, әдістемелік әзірлемелері мен педагогикалық тәжірибесін бағалауға қатысты.
Байқау дарынды оқытушыларды анықтауға және қолдауға, озық педагогикалық тәжірибені таратуға, сондай-ақ өңірдегі білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.