2025 жылдың 16 сәуірінде университетіміздің 25 жылдық мерейтойына орай «Сәулет және құрылыс» кафедрасының студенттері арасында “Білім, тәжірибе, болашақ: Институттың 25 жыл тарихындағы жетістігі” атты зияткерлік викторина сайысы өтті.
Студенттер сайыс барысында өз білімдерін, тапқырлығын және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Сайыс келесі бөлімдерден тұрды:
▫️ Мамандық
▫️ Тапқыр болсаң, тауып көр
▫️ ҚР мемлекеттік символдары
▫️ Ұсынылған суреттерді не біріктіреді?
▫️ Әлемнің жеті кереметі
Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті! Әр команда білім мен тапқырлық жағынан мықты дайындықпен келіп, көрермендерге керемет әсер сыйлады.


