2023 жылдың 10 сәуірінде БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен, ғылым декадасы – 2023 онкүндігіне арналған”Polyglot as a scientist – 2023″ зияткерлік конкурсын өткізді. Конукурстың мақсаты-ағылшын тілінің құрылымы мен логикасын меңгеру, сөздік қорын кеңейту, академиялық топтағы үлгерімін арттыру, өз қабілеттеріне деген еркіндік пен сенімділік сезімін сыйлау, ең бастысы – шет тіліне деген сүйіспеншілікті ояту. Конкурстың модераторы кафедраның аға оқытушысы Құрманова Ж. Б. жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, т. ғ.к., профессор Қадырғалиев н. М. құттықтау сөз сөйлеп, білім алушыларға конкурста табыс тіледі.
Конкурсқа 6В04202 “Құқықтану”, 6В07201 “Мұнай-газ ісі “, 6В07104 “Технологиялық машиналар мен жабдықтар” білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша “Winners” командасы (НГ-12 тобы) I дәрежелі дипломмен, ғылыми жетекшісі А. А. Сұлтанғалиева “Lawyers” командасы (ЮР-11 тобы) II дәрежелі дипломмен, ғылыми жетекшісі Ж. Б. Құрманова марапатталды.

