17 ақпан 2025 жылы топ эдвайзері К.М. Джумабаева АРХ-31О тобының студенттерімен “Зиянды энергетикалық сусындар” тақырыбында маңызды тәрбие сағатын өткізді. Шараның мақсаты – білім алушыларға энергетикалық сусындардың адам денсаулығына тигізетін зиянын түсіндіру, олардың құрамындағы зиянды заттар туралы ақпарат беру және тұтынудың алдын алу шараларын ұсыну болды.
Негізгі мәселелер:
Энергетикалық сусындардың құрамындағы кофеин, қант және басқа қоспалардың әсері
Жүрек-қан тамыр жүйесіне, жүйке жүйесіне және ұйқыға тигізетін зияны
Оларды шамадан тыс тұтынудың қауіптілігі
Табиғи әрі пайдалы баламалар
Денсаулығымыз – өз қолымызда! Салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды сусындардан бас тартайық!