2025 жылдың 14 ақпанында 6В07501-Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) және 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламаларының білім алушылары қаланың тарихи тамырларымен танысу мақсатында және білім алушылардың сыни ойлауын, мәдени сауаттылығын дамыту үшін «Ескі Орал» мұражайына барды.

Тарихи-өлкетану мұражайы, 2003 жылы құрылған және туған өлкеміздің тарихының мәдени мұрасы болып табылады және Яицкий казактары мен басқа халықтардың мәдени өмірінің құпияларын сақтайды. Музейдің нұсқаушысымен бірге білім алушылар XVIII-XIX ғасырлардың алыс өткеніне «саяхат жасады», онда олар аймақ туралы көптеген фактілерді тапты, қалада тұратын халықтардың ұлттық түсіне еніп, артефактілердің кең коллекциясын-қола дәуіріндегі мамонттардың тістерінен, XIX ғасырдағы жиһаздардан, қоңыраулардан және басқа да мәдени құндылықтардан танысты.

Тарихтың осындай әдемі «ескерткішін» жасауға өз жанын салған және қазіргі жастар үшін Орал қаласының ескі рухын сақтаған мұражай қызметкерлеріне рахмет!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz