2025 жылдың 17 ақпанында №28 мектеп-лицейінде оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында кәсіптік бағдар беру шарасы ұйымдастырылды.

Кездесу барысында салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің маманы А.Е. Танжарикова заманауи еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы баяндап, әрбір саланың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін түсіндірді.

Бұл кездесудің басты мақсаты – оқушыларға бағыт-бағдар беріп, олардың қабілеттеріне сай мамандық таңдауына қолдау көрсету. Қатысушылар іс-шараның пайдалы әрі қызықты өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz