2019 жылы 30 қыркүйек күні Жастар жылына орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және даму министрлігінің қолдауымен «Mentors Academy» тұлғаны дамыту орталығы мен «Kazbrands» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жобалық менеджмент» тақырыбында халықаралық эксперт, ментор Жумагали Миргулан тренинг өткізді. Тренингке қатысушылар IIM жобаларын басқарудың соңғы тенденциялары, жобаларды басқару стандарттары және қалай жобаны сәтті қорғау туралы ақпарат ала алды.
